Шенеуніктер вакцина ектірмесе, жұмыстан шығарылуы мүмкін

0
632

АҚШ-та препараттан себепсіз бас тартқандар қызметтен шеттетіледі.


Шенеуніктер вакцина ектірмесе, жұмыстан шығарылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки федералды мемлекеттік қызметкерлер коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқан жағдайда олар жұмыстан шығарылуы мүмкін екенін мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

«Егер сіз үкіметке немесе үкіметтік келісімшарт бойынша жұмыс істегіңіз келсе, онда сіз екпе салдыруыңыз керек деп санаймыз», – деді Псаки Ақ үйде өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар ол вакцинадан себепсіз бас тартқан шенеуніктер жұмыстан босатылатынын басып айтты.

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус індетімен күреске қатысты жаһандық саммит өткізетіні хабарланды. Жиында пандемияға қарсы шаралар мен вакцинация процесі талқыланбақ. Шара БҰҰ Бас Ассамблеясының қыркүйек айының соңына жоспарланған кезекті сессиясының апталығына орайластырылып ұйымдастырылады.