Си Цзиньпин қытайлықтарды тамақты үнемдеуге шақырды

0
621

Осы жылғы коронавирус пандемиясы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер тигізген.


Си Цзиньпин қытайлықтарды тамақты үнемдеуге шақырды

ERNUR.KZ. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ел тұрғындарын тамақты үнемдеуге шақырды, - деп жазады tengrinews.kz.

Қытай төрағасының айтуынша, жыл сайын елде бидай өндіру көлемі артып келеді. Оның пікірінше, соған қарамастан әрқашан азық-түлік қауіпсіздігін басты назарда ұстаған жөн.

Осы жылғы коронавирус пандемиясы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер тигізген.

"Заңды, бақылауды күшейтіп, тиімді шараларды қолдану керек. Азық-түлікті бей-берекет пайдалануға жол бермес үшін оның алдын алу қажет. Осы мәселеде насихатты күшейту керек", - дейді Си Цзиньпин.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, Қытай төрағасы әрқашан елдің азық-түлік қауіпсіздігіне баса мән берген. Ол осыған дейін де тамақ қалдықтарын азайтуға шақырған.