2025 жылдың маусымында Атакама шөліне бірнеше онжылдықта алғаш рет қар жауған болатын.
ERNUR.KZ. Әлемдегі ең құрғақ аймақ саналатын Атакама шөлінде гүлдер гүлдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп жазады baq.kz.
Оңтүстік жарты шарда қыркүйектен қараша аралығы – көктем маусымы. Сондықтан шөлде өсімдіктердің пайда болуы маусымдық өзгеріспен байланысты. Алайда, мұндай көрініс Атакамада өте сирек кездеседі – ол тек бірнеше жылда бір рет, әдетте жаңбыр жауған кезде ғана байқалады.
Чилидегі Андрес Белло университетінің биологтары шөлде ерекше күлгін түсті өсімдіктің көптеп шыққанына назар аударды. Бұл гүл – жергілікті халық «гуанако тұяғы» деп атайтын түр – қатал климатқа төзімділігімен белгілі.
Бұл өсімдіктің генетикалық коды жаһандық жылыну жағдайында құрғақшылыққа төзімді ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің кілті болуы мүмкін, – дейді ғалымдар.
Қазір зерттеушілер осы гипотезаны тәжірибелік түрде тексеріп жатыр.
Айта кетейік, 2025 жылдың маусымында Атакама шөліне бірнеше онжылдықта алғаш рет қар жауған болатын. Ғалымдар мұны климаттың өзгеруімен байланысты табиғи аномалия деп есептейді.