SpaceX Starship ғарыш кемесі сынақ кезінде жарылып кетті

0
129

Кеме жетінші сынақ рейсі кезінде оқыс жағдайға тап болды, ұшырылғаннан кейін шамамен 8,5 минуттан кейін жарылған.


SpaceX Starship ғарыш кемесі сынақ кезінде жарылып кетті

Фото: Reuters.com

ERNUR.KZ. SpaceX Starship кемесі Атлант мұхиты үстінде жетінші сынақ ұшуы кезінде жарылған. Миллиардер Илон Масктың компаниясы ғарышқа үлкен жүк тасымалдауға тиіс зымыранның жоғарғы бөлігін жоғалтты, деп жазады stan.kz.

Кеме жетінші сынақ рейсі кезінде оқыс жағдайға тап болды, ұшырылғаннан кейін шамамен 8,5 минуттан кейін жарылған. SpaceX зымыранның жоғарғы бөлігін жоғалтты, бірақ төменгі бөлігі Жерге қайтарылды.

"Бұл Starship-тің ғарышқа үлкен жүкті жеткізуге жасаған алғашқы әрекеті болуы керек еді. Енді біз шынымен де кемені жоғалтқанымызды растай аламыз", – деді компания өкілі Кейт Тис.

SpaceX 2002 жылы кәсіпкер Илон Маск негізін қалады. Компания ғарышқа саяхат және Марсты зерттеу шығындарын азайту үшін зымырандар мен ғарыш аппараттарын жасап шығарады. SpaceX ғарыш кемесін орбитаға, содан кейін Халықаралық ғарыш станциясына сәтті жіберген алғашқы жеке компания болды. Компанияның маңызды әзірлемелеріне Falcon 9 зымыраны, Falcon Heavy зымыраны және Crew Dragon басқарылатын ғарыш кемесі кіреді.

Еске салсақ, бұған дейін Space X алғаш рет тарихтағы ең қуатты зымыран тасығышты қондырды.