Ұшақ Чаченгсау провинциясындағы мангр батпақтарына құлады.
ERNUR.KZ. Таиландта туристер мінген бірге ұшақ апатқа ұшырады. Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ апатынан ешкім аман қалған жоқ, деп жазады tengritravel.kz.
Independent басылымының мәліметінше, шағын әуе кемесі Бангкоктағы Суварнабхуми әуежайынан көтерілгеннен кейін 11 минуттан кейін құлады. Бортта Гонконгтан бес турист және төрт экипаж мүшесі болды.
Ұшақ Чаченгсау провинциясындағы мангр батпақтарына құлады.
Құтқару тобы сол күні кешке ұшақтың сынықтарын тапты, бірақ бастапқыда бірде-бір мәйіт табылмады. Кейінірек құтқарушылар батпақты жерлерде дене мүшелерін тапқанын хабарлады.