Тәжікстанда Эмомали Рахмон президенттік сайлауда жеңіске жетті

0
940

Ол президенттік сайлауда 90,92% дауыс жинады.


Тәжікстанда Эмомали Рахмон президенттік сайлауда жеңіске жетті

ERNUR.KZ. 11 қазанда Тәжікстанда президент сайлауы өтті. Алдын ала нәтижелер бойынша Эмомали Рахмон жеңді, деп жазады Stan.kz.

Тәжікстанның қазіргі басшысы Эмомали Рахмон президенттік сайлауда 90,92% дауыс жинап жеңіске жетті.

Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясы кеше президент сайлауы өтті деп жариялады. Дауыс беруге сайлаушылардың 70% -дан астамы қатысты. Алдын ала нәтижелерге сәйкес, Халықтық-демократиялық партиядан Эмомали Рахмон бесінші рет жеңіске жетті.

Эмомали Рахмон 1994 жылдан бері Тәжікстанның президенті. Төрт жыл бұрын Тәжікстанның Конституциялық соты ел конституциясына Рахмонның президенттік сайлауға шексіз рет қатысуына мүмкіндік беретін түзетулерді мақұлдады.

Тәжікстан президенті лауазымына коммунистік партиядан Абдуллоев Миродж, социалистік партиядан Гаффорзода Абдухалим, аграрлық партиядан Латифзода Рустам және экономикалық реформа партиясынан Рахматзода Рустам ұсынылды.