Бұл жолы TikTok қолданбасының әзірлеушілері «Демалыс» деген жаңа функцияны қосты.
Фото: pixabay
– TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен ата-аналардың бақылау жүйесін одан әрі жақсартуда. Платформа жасөспірімдер үшін қауіпсіз онлайн кеңістік құруға және ата-аналарға балаларының TikTok-тағы белсенділігін басқаруға көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді іске қосқанын хабарлайды. Атап айтқанда, TikTok «Отбасылық баптаулар» бөлімінде ата-аналарға жасөспірімдердің қосымшаға қолжетімділігін белгілі бір уақыт аралығында шектеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, платформа сағат 22.00-ден кейін TikTok-ты пайдаланатын жасөспірімдердің назарын аударып, тынығуына көмектесетін жаңа мүмкіндікті іске қоспақ, – деп жазды Аида Балаева.
- Балаларына TikTok-қа қол жеткізуді шектеу уақытын белгілей алады, мысалы, оқу уақытында немесе түнгі уақытта.
- Цифрлы детокстқа қол жеткізу үшін қайталанатын кестені орната алады. Шектеу қойылған уақыт аралығында жасөспірімнің TikTok-ты қолдану сұранысын қабылдай алады.
- Оған қоса «Отбасылық баптаулардың» жаңа функциясы ата-аналарға балаларының аккаунттары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
- Балаларының TikTok-та кімдерді бақылап отыратынын және олардың аккаунтына кімдер жазылғанын көре алады. Қандай қолданушылардың аккаунттарын бұғаттағанын біле алады. Тіпті ата-аналардың бақылауы қосылмаған кезде де, алдағы айларда TikTok жасөспірімдерге қауымдастық ережелеріне сәйкес келмейтін контент туралы ата-аналарына хабарлау мүмкіндігін қосуды жоспарлап отыр.