Президент ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.
© Пресс-служба президента Казахстана
ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды, деп жазады sputnik.kz.
Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және басқа ресми тұлғалар күтіп алды.
Форум аясында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өтеді.


