4-10 қазан аралығында Дүниежүзілік ғарыш апталығы аталып өтті.
Фото: Steve Elliott/CC BY-SA 2.0/Wikimedia Commons
ERNUR.KZ. Қыркүйек айының соңында Күнге жақын ұшқан C/2023 A3 Цзицзиньшань-ATLAS кометасы 12 қазанда Жерден ең аз қашықтықта орналасады. Алдағы екі-үш апта біздің ғаламшарымыздың Солтүстік жарты шарынан аспан денесін бақылау үшін ең қолайлы уақыт болмақ, деп жазады inform.kz.
«Солтүстік жарты шарда кометаны көру үшін ең жақсы жағдай кезеңі 12 қазанда басталады, ол кезде комета Жерге ең жақын нүктесі – перигейдің жанынан ұшып өтеді. Бұл кезең екі-үш аптаға созылады», - деп хабарлады Мәскеу планетарийінің баспасөз қызметінен.
Солтүстік жарты шар елдерінде құйрықты жұлдыз күн батқаннан кейін шамамен бір сағат (жергілікті уақыт бойынша 18:30-дан бастап) көкжиектің батысында кешкі аспаннан көрінеді.
«Қазір астрономдар оның жарықтығын шамамен -2 балл деңгейінде болжап отыр, сондықтан аспан қонағын навигациялық ымырттың жарқыраған жарығында да көруге болады», - деп түсіндірді ғалымдар.
C/2023 A3 Цзицзиньшань-ATLAS кометасы 2023 жылдың 9 қаңтарында Tsuchinshan обсерваториясында (Цзыцзиньшань, Қызылкүрең тау обсерваториясы, Қытай) ашылды. Ол 2023 жылдың 22 ақпанында Оңтүстік Африкадағы ATLAS жоба телескопы көмегімен анықталды. Астрономдар оны Жерден көрінетін қатты жарқыраған және байқауға болатын ықтимал үлкен комета деп сипаттады.
4-10 қазан аралығында Дүниежүзілік ғарыш апталығы аталып өтті. Ғарыш кеңістігін белсенді игеру адамзат өркениетінің дамуына ғана емес, өкінішке орай, Жерге жақын орбитаның әртүрлі қоқыспен ластануына ықпал етеді, бұл ғарышты одан әрі зерттеуге қауіп төндіріп отыр.