Тұтқындар қамалған автобус жүргізушісі көлікті айдаудан бас тартып, көпшіліктің қошеметіне бөленді (видео)

0
1 278

Өз наразылығын білдіруге көшеге шыққандарды полиция тұтқындап, оларды тасымалдауға автозак ретінде қоғамдық көлікті жұмылдырған.


Тұтқындар қамалған  автобус жүргізушісі көлікті айдаудан бас тартып, көпшіліктің қошеметіне бөленді (видео)

Ереванда тұтқындалған шерушілерді тасымалдауға тартылған автобус жүргізушісі көлікті айдаудан бас тартты,деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өз наразылығын білдіруге көшеге шыққандарды полиция тұтқындап, оларды тасымалдауға автозак ретінде қоғамдық көлікті жұмылдырған.

Алайда, көлік жүргізушісі, егде жастағы азамат, автобусты айдаудан бас тартты. Полицейлердің сөзі де оның шешімін өзгерте алмады. Ақыры, автобустан түсіп, кетіп қалған азаматқа жерлестері қол соғып, қошемет көрсетті.

Айта кетейік, бірнеше күннен бері Ереванда жаппай шерулер өтіп жатыр. Халық үкімет басына Серж Саргяснның келгеніне наразы.

22 сәуір кешкі 19: 30-дағы мәлімет бойынша алаңға шыққандардың 277-сін полиция ұстап әкеткен. Бұған дейін Армения премьер-министрі қызметіне жақында сайланған Серж Саргсянның бұйрығымен елдегі оппозиция жетекшілері мен бірнеше депутат қамауға алынған еді.