Түркия Ресейге қарсы санкция енгізуден бас тартты

0
631

Анкара Ресейге қарсы санкция енгізуді жоспарлап отырған жоқ.


Түркия Ресейге қарсы санкция енгізуден бас тартты

ERNUR.KZ. Бұл жайлы Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын CNN Turk басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

"Біз мемлекетіміздің артықшылықтарын есепке ала отырып әрекет етуіміз керек. Ресеймен сөйлесетін ел болуы керек қой. Барлығы арадағы көпірді үзгенде, Ресеймен кім көйлеседі? Осы арнаны ашық қалдыру үшін санкция енгізуді жоспарлап отырғанымыз жоқ", – деді Калын.

Түрік президентінің өкілі Украинадағы соғыс жалғаса берсе, Ресей үшін үлкен апатқа әкеп соғуы мүмкін екенін айтады. Сөзінше, Мәскеудің Қырымды мойындауды талап етуі және Украинаны қарусыз қалдыру қазір мүлде қисынсыз екен.

Ибрагим Калын Украина мен Ресей арасындағы екінші келіссөз 2 наурызда өтпеуі мүмкін екенін мәлімдеді. Техникалық жағдайларға байланысты кездесу бірнеше күнге шегерілуі мүмкін.

Сонымен қатар Эрдоганның өкілі ресейлік спортшыларды халықаралық жарыстардан шеттетуді қолдамайтынын мәлім етті.
Түркияның Ресейге қарсы санкцияларға қосылмауы жөнінде елдің сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу да пікір білдірді.

"Біз мұндай санкцияларға мүлде қатыспағанбыз. Сонымен қатар қатысу жайлы ойымыз да жоқ", – деді сыртқы істер министрі.

Еуропа енгізген соңғы санкцияларға сәйкес енді Ресей ұшақтары Еуропаның әуе кеңістігінде ұша алмайды және Еуроодақ аумағында қонуға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ Ресей Орталық банкінің активтері мен қорларын пайдалануға қатысты операцияларға тыйым салған.

Бұдан бөлек халықаралық ұйымның санкциялар тізіміне енген ресейлік банктер SWIFT төлемдер жүйесінен шығарылады.