Түркияда блогерлерге салық салынатын болды

0
193

Есепшотқа түскен ақшадан мемлекет 15 пайыз ұстап отырады.


Түркияда блогерлерге салық салынатын болды

ERNUR.KZ. Түркияда әлеуметтік желі арқылы ақша табатындарға арнайы салық салынатын болды, деп жазады zakon.kz.

Елдің Қаржы министрлігі қолданыстағы заңға енген өзгертулерге сай интернетте тауар сататындар мен түрлі контент арқылы ақша табатындардың арнайы мемлекеттік куәлік алып, банктен есепшот ашулары қажеттігін айтты.

Сол есепшотқа түскен ақшадан мемлекет 15 пайыз ұстап отырады.

Бұл заң сондай-ақ, мобильді қосымша жасап, сол арқылы пайда табатындарға да қатысты болмақ. Дегенмен әзірге заң міндетті емес, тек ерікті түрде салық төлеуге итермелейді.

Ал осы ереже бойынша салық төлейтіндер қосымша құн салығынан босатылады.