Болжам бойынша, полиция бөлімшесінде кезекшілік атқарған ер адам белгісіз себептермен басқа полицейлерге тапаншадан оқ жаудырған.
ERNUR.KZ. Адыяманда полицей бөлімшеде кезекшілікте жүрген әріптестеріне шабуыл жасады, деп жазады kaz.inform.kz.
Оқиға Адыяман-Алтыншехир полиция бөлімінде болған. Болжам бойынша, полиция бөлімшесінде кезекшілік атқарған ер адам белгісіз себептермен басқа полицейлерге тапаншадан оқ жаудырған. Оқиғадан кейін жарақат алған полицейлердің бар екені, олардың кейбірінің жағдайы ауыр екені белгілі болды.
Елдің Ішкі істер министрі Әли Ерликаяның хабарлауынша, шабуылда ауыр жарақат алған екі полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, сонда қайтыс болған.
«Аталған факті бойынша сот және әкімшілік тергеу басталды», - деп хабарлады қала әкімдігі.
Оқиғаға кінәлі адам аяғынан жарақат алған. Ол қамауға алынды.