Ұшақ оқу-жаттығу мақсатында көкке көтерілген.
ERNUR.KZ. Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса провинциясында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп жазады baq.kz.
Оқиға Османғазы ауданында, Оваакча жылу электр орталығы маңында болған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары, өрт сөндірушілер мен дәрігерлер тартылған.
Ұшақ оқу-жаттығу мақсатында көкке көтерілген. Құтқарушылар апат туралы ЖЭО қызметкерлерінен білген.
Апаттың себебі әлі анықталған жоқ.