Түркияда зауытта апат болып, 3 адам қаза болды

0
96

Самсун провинциясында орналасқан зауытта өндірістік апат орын алды.


Түркияда зауытта апат болып, 3 адам қаза болды

Фото: haberglobal.com

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға зауыттың ағынды су жиналатын резервуардағы сорғыны жөндеу кезінде болған, деп жазады inbusiness.kz.

Үш жұмысшыны электр тоғы соғып, олар алған жарақатынан көз жұмған. Оқиға орнына келген құтқарушылар олардың денесін резервуардан шығарып, тиісті органдарға тапсырды.

Аталған дерек бойынша тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.