Оны құтқарушылар шығарып алды.
ERNUR.KZ. Измирде болған жер сілкінісі салдарынан ер адам 33 сағат бойы қирандылардың астында қалған, деп жазады Stan.kz.
"Анадолу" агенттігі жариялаған кадрларда құтқару операциясы көрсетілген. Алдымен құтқарушылар үйінділерді күрейді, содан кейін зардап шегушіні жедел жәрдем көлігіне апарады.
Еске салайық, 30 қазанда Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр - Эгей теңізінде Измир провинциясының Сеферихисар қаласының маңы.
Измирде кем дегенде 20 ғимараттың құлағаны туралы хабарланды. Жер сілкінісі кішігірім цунами тудырып, Сеферихисардағы жағалаудағы көшелерді су басты.
Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 76-ға жетті.