Туыстары апарып тастаған: мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кетті

0
1 728

​Мәйітхана қызметкерлері ер адамды бальзамдауға дайындап жатқан кезде оның қимылдағанын байқап қалған


Туыстары апарып тастаған: мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кетті

ERNUR.KZ. Кенияда мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кеткен, деп жазады sputniknews.kz.

Питер Киген үйде есінен танып құлаған соң туыстары ауруханаға жеткізген. Жақындарының айтуынша, бірнеше сағаттан кейін дәрігерлер оның ауруханаға жеткенше қайтыс болғанын хабарлайды.

Бірақ аурухана қызметкері Гирберт Черуйотаның сөзінше, Питердің туысқандары өздері оны өлді деп санаған. Дәрігерлер науқастың жағдайын тексеру үшін уақыт керек екенін айтады, ал олар ақ халаттыларды айыптап, марқұмның денесін мәйітханаға өздері жеткізген.

Мәйітхана қызметкерлері ер адамды бальзамдауға дайындап жатқан кезде оның қимылдағанын байқайды. Содан кейін оны палатаға ауыстырған. Бірнеше күннен кейін ол ауруханадан шығады.

Питердің айтуынша, туыстары оны өлдіге санап, мәйітханаға жібергенін білгенде қатты таңғалған.