Угандада жантүршігерлік жол апатынан 32 адам мерт болды

0
2 473

Жол апатына жүк көлігін жүргізуші себеп болған.


Угандада жантүршігерлік жол апатынан 32 адам мерт болды

ERNUR.KZ. Уганданың батысында жоғары жылдамдықты тасжолда бес көлік соқтығысып, 32 адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жоғары жылдамдықты Форт-Портал – Касесе тасжолында 2 ақпан күні бес көлік соқтығысып, 32 адам оқиға орнында мерт болды, тағы бес адам ауыр жарақат алды», - деп мәлімдеді Уганданың Қызыл Крест өкілі Иран Накасита.


Куәгерлердің айтуынша, жол апатына жүк көлігін жүргізуші себеп болған. Ер адам рульге ие бола алмаған. Автокөлік шанағында адамдар болған.

Полиция апаттың жай-жапсарын тергеуді бастады.