Бірақ той жасаушылар тазалық талаптарын орындауы тиіс.
ERNUR.KZ. Тәжікстанда коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб үйлену тойларына жүз қонақ шақыруға рұқсат берді., деп жазады Азаттық.
Былтыр жазда Тәжікстанның дін істері жөніндегі комитеті үйлену тойына қырықтан аса қонақ шақыруға тыйым салған.
Мемлекеттік "Ховар" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, республикалық штаб 27 наурызда үйлену тойларына 100 адам шақыруға рұқсат берген. Бірақ той жасаушылар тазалық талаптарын орындауы тиіс.
Тәжікстан билігі елде қаңтардан бері коронавирус тіркелген жоқ деп мәлімдеді. Алайда аймақтағы Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан карантин талаптарын күшейтіп жатыр.