Жолаушылар мен теміржолшылар арасында зардап шеккендер жоқ.
ERNUR.KZ. Украин әскерлері Курск облысындағы Глушково вокзалын атқылады, деп жазады sputnik.kz.
"Тоғыз рет оқ жаудырылды, зардап шеккендер жоқ. Соққы салдарынан өрт шықты, ол сөндірілді", - деп жазды ол.
Кейін "Ресей темір жолы" жолаушылар мен теміржолшылар арасында зардап шеккендер жоқ, теміржол инфрақұрылымына зақым келмегенін қосты. Пойыздар әдеттегідей жүріп жатыр.
Глушковский ауданы Курск облысының Украинамен шектесетін алты ауданының бірі. Ол Украина қарулы күштерінің ұшқышсыз шабуылдарына үнемі ұшырайды.