Украинада мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы әскердің төлемдеріне жұмсалуы мүмкін

0
439

Украина үкіметінің парламенттегі өкілі Тарас Мельничук 18 шілдеде Украина министрлер кабинеті қауіпсіздік пен қорғанысқа бюджет шығыстарын 495,3 миллиард гривенге (12 миллиард долларға жуық) арттыруды көздейтін заң жобасын мақұлдағанын хабарлады.


Украинада мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы әскердің төлемдеріне жұмсалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Ұстаздар мен дәрігерлердің желтоқсан айындағы жалақылары Украина қарулы күштерінің әскерилеріне қыркүйек айындағы төлеміне жұмсалуы мүмкін, деп жазады sputnik.kz.

Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко 1 тамызда мәлімдегендей, Украина қарулы күштерін қаржыландыруды ұлғайту көздері таусылды, ал салықты ұлғайту мәжбүрлі шара болып отыр. Рада депутаты Ярослав Железняк 18 шілдеде Украина министрлер кабинеті салықты арттыру туралы заң жобасын дайындағанын хабарлады, атап айтқанда, ол әскери баж мөлшерлемесін көтеруді ұсынады.
Украина үкіметінің парламенттегі өкілі Тарас Мельничук 18 шілдеде Украина министрлер кабинеті қауіпсіздік пен қорғанысқа бюджет шығыстарын 495,3 миллиард гривенге (12 миллиард долларға жуық) арттыруды көздейтін заң жобасын мақұлдағанын хабарлады.
"Дәрігерлердің немесе мұғалімдердің желтоқсан айындағы жалақысы қыркүйекте әскерилерге бағытталуы мүмкін", - деп келтіреді жергілікті "Страна" басылымы Николенконың сөзін.
Оның айтуынша, Рада жақын арада салықты көбейту туралы заң жобасын мақұлдаса да, бұл ақша мемлекет бюджетіне миллиардтар әкеледі деген сөз емес. Ол, керісінше, салықты көтеру экономиканың құлдырауына әкелуі мүмкін екенін айтты.
Украиналық парламентарий Александра Устинова бұған дейін мәлімдегендей, мемлекеттік бюджеттегі тапшылық Батыстың қаржыландыруымен жабылуда. Егер АҚШ Киевке көмектесуді тоқтатса, билік G7 елдеріне көмек сұрауға мәжбүр болады.