Үндістанда 20 адамға екі түрлі вакцина салынған

0
614

Үндістан вакциналарды араластыруға әлі рұқсат берген жоқ


Үндістанда 20 адамға екі түрлі вакцина салынған

ERNUR.KZ. Үндістанның солтүстігінде дәрігерлердің қателігінен коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салынған, деп жазады Tengrinews.kz.

Уттар-Прадеш штатының Сиддхартнагар ауданындағы медицина қызметкерлері ауыл тұрғындарына Covaxin үнді вакцинасын еккен, ал олар салған алғашқы доза - CoviShield вакцинасы. CoviShield - ұлыбританиялық AstraZeneca вакцинасының жергілікті атауы.

Оқиға медицина қызметкерлерінің қателігін байқап қойған ауыл тұрғындарының бірі арқылы белгілі болды.

Үндістан вакциналарды араластыруға әлі рұқсат берген жоқ, өйткені бүкіл әлемде әртүрлі дозаларды енгізу қауіпсіздігі туралы зерттеу нәтижелері әлі нақты емес. Ауданның бас дәрігері Сандип Чаудхаридің айтуынша, әкімшілік қадағалау бойынша тергеу басталды. Ол немқұрайдылыққа кінәлі деп танылған адамдарға қатаң шаралар қолданылатынына сендірді.

Медициналық топ зардап шеккен науқастарды бақылап отырады және әзірше ешқандай шағым тіркелген жоқ. Кейбір ауыл тұрғындары алдағы апталарда "вакциналар коктейлінің" жағымсыз әсерінен қорқатынын айтып отыр екен.

Еске салайық, Үндістанда COVID-19-дың ерекше жанама әсерлері табылды. Мысалы, үндістандық дәрігерлер коронавирустан аман қалған адамдарда "қара зең" (мукормикоз) ауруын тіркеді. Дәрігерлер саңырауқұлақ ауруына шалдыққан мыңдаған адамның екі немесе бір көзін алып тастауға мәжбүр болды деп хабарланды. Содан кейін "қара зең" эпидемиясы аясында қауіпті "ақ зең" пайда болды. Кейінірек Үндістандағы пациенттер COVID-19-дан кейін зеңнің үшінші түрін анықтады. Заң ауруы туралы бұған дейін толығырақ жазғанбыз.