Үндістанда әскери авиашоу кезінде 5 адам қаза тапты

0
95

Үндістанда Әскери-әуе күштерінің әуедегі шоуын тамашалауға көп адам жиналып, аптап ыстықтан қысыла бастаған.


Үндістанда әскери авиашоу кезінде 5 адам қаза тапты

Фото: БелТА

ERNUR.KZ. Салдарынан ауруханаға барлығы 102 адам жеткізіліп, оның бесеуі сол жерде тіл тартпай кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Жексенбіде Тамил Наду штатының Ченнаи қаласындағы Марина-Бич жағажайында Үндістан әуе күштерінің 92 жылдығына арналған әуе шоуын тамашалауға шамамен 15 мың адам жиналды. Авиашоу сағат 11.00-де басталып, 13.00-ге дейін жалғасқан.

Полицейлердің айтуынша, адамдардың тұншығып, есін жоғалтуына шоуды тамашалауға келген халықтың көптігі және шараны дұрыс ұйымдастырмау бірден-бір себеп болған.

"Қатты ыстықтан, адамның көптігінен ауа жетпей әлсіреген 10 адам есінен танып қалған. Оларға мемлекеттік мекемеде көмек көрсетілді", - деді полиция өкілі.

Іс-шара аяқталғанға дейін барлығы 230 адам есінен танып қалған.

Айта кетейік, бұл – Үндістан әуе күштерінің Делиден тыс жерде үшінші рет, Оңтүстік Үндістанда бірінші рет әуе шоуын өткізуі.