Үндістанда әскерилер қателесіп, 13 бейбіт тұрғынды атып өлтірген

0
643

Армия тыйым салынған Нагаланд Ұлттық социалистік кеңесінің мүшелеріне шабуыл жасамақ болған, бірақ қателесіп, көмір шахтасынан қайтып келе жатқан жергілікті жұмысшылар отырған жүк машинасына оқ жаудырған.


Үндістанда әскерилер қателесіп, 13 бейбіт тұрғынды атып өлтірген

ERNUR.KZ. Үнді армиясының арнайы операциясы кезінде Нагаланд штатында елдің шығысында 14 адам, оның ішінде 13 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп жазады Stan.kz.

Жергілікті полицияның мәліметінше, армия тыйым салынған Нагаланд Ұлттық социалистік кеңесінің мүшелеріне шабуыл жасамақ болған, бірақ қателесіп, көмір шахтасынан қайтып келе жатқан жергілікті жұмысшылар отырған жүк машинасына оқ жаудырған.

Армия өкілі The Hindu басылымына хабарлағандай, бейбіт тұрғындар іздестіріліп жатқан автобусқа ұқсас көлікпен келген және олар тоқтауды сұраған кезде "келісімге келмеді" деген.

Атыс салдарынан алты адам қаза тапты. Армия өкілдері полицияның келуін күтіп жатқанда, жергілікті тұрғындар жиналып, оларға шабуыл жасаған. Қақтығыс нәтижесінде бір сарбаз қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды. Әскерилер өзін-өзі қорғау мақсатында оқ атқаннан кейін тағы жеті азамат мерт болды, деп атап өтті армия өкілі.

"Көтерілісшілердің қозғалысы туралы сенімді ақпаратқа сүйене отырып, МОН округі, Нагаланд аймағында операция жасау жоспарланған болатын. Біз бұл оқиға мен оның салдары үшін қатты өкінеміз. Адам өлімінің себебі зерттеліп жатыр және заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – делінген хабарламада.

Армия мәліметінше, оқиға салдарынан бірнеше сарбаз ауыр жарақат алып, бір сарбаз алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Нагаландтың бас министрі Нейфиу Рио қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жоғары деңгейдегі комиссия тергеу жүргізіп жатқанын айтты.