Үндістанда дүлей дауылдан 17 адам қаза тапты

0
145

Тағы 16 адам жарақат алған.


Үндістанда дүлей дауылдан 17 адам қаза тапты

Фото: khovar.tj

ERNUR.KZ. Табиғи апат Гуджарат штатының тұрғындарына ауыр тиді. Төпелеп жауған жаңбыр мен бұршақтан кейін бүлінген ғимарат көп. Ағаштар құлап, электр желілері үзілген, деп жазады inbusiness.kz.

Гуджаратта негізінен мақта, зира және күріш өндіреді. Шаруалар қыруар шығынға баттық деп отыр. Ал жергілікті метеоролгтер күн райы алдағы күндері тағы бұзылуы мүмкін деп ескертеді.