Вакцина алғандардың COVID-19 жұқтыру ықтималдылығы 3 есе аз

0
574

​Олар вирусты басқаларға азырақ таратады.


Вакцина алғандардың COVID-19 жұқтыру ықтималдылығы 3 есе аз

ERNUR.KZ. COVID-19 дертіне қарсы вакцинаның екі компонентін ектірген адамдардың вакцинацияланбағандарға қарағанда коронавирус дертіне шалдығу қаупі үш есе аз, деп жазады Inbusiness.kz

Бұл туралы Лондондағы Императорлық колледж бен маркетингтік зерттеулермен айналысатын Ipsos MORI компаниясының зерттеушілері хабарлады.

REACT-1 деп аталатын бұл зерттеу нәтижелері 24 маусым мен 12 шілде аралығында Англиядағы 98 233 адамнан алынған сынамаларға негізделген.

«Зерттеудің бүгінгі нәтижелері COVID-19 вакцинациясының маңыздылығын айқындай түскендей болды. Өйткені вакцинацияланбаған адамдардың вирусты жұқтыру ықтималдылығы үш есе көп», – деді Ipsos Mori өкілі Келли Бивер.

Сонымен қатар зерттеушілер вакцина ектірген адамдардың вирусты басқаларға тарату қаупі аз дегенді айтты. Олардың сөзінше, препарат қабылдағандардың ағзасында вирус аз болғандықтан, олар вирусты азырақ таратады.