Владимир Путин президенттікке үміткер бола алады

0
2 160

Заң бойынша мемлекет басшысы екі мерзімнен кейін билікке таласа алмайды.


Владимир Путин президенттікке үміткер бола алады

ERNUR.KZ. Владимир Путин Ресей президенттігіне тағы да үміткер бола алады. Бұл туралы арна эфирінен өтетін «Әлем» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Хабар24.

Оған мұндай мүмкіндік беретін заң жобасын елдің Мемлекеттік думасы үшінші оқылымда мақұлдады. Онда Владимир Путиннің бұған дейінгі президенттік мерзімі жойылып, оның қайтадан екі рет сайлануына жол ашылды. Ресей президенті атануға жасы 35-тен асқан, осы елде 25 жылдан бері тұратын және өзге ел азаматтығында болмаған ресейліктер таласа алады.

Заң бойынша мемлекет басшысы екі мерзімнен кейін билікке таласа алмайды.