Зеленский бір күнде 22 шенеунікті қызметтен босатты

0
753

Бұдан бөлек Зелинский бұған дейін Украинаның шет елдегі 12 елшісін ауыстырған.


Зеленский бір күнде 22 шенеунікті қызметтен босатты

ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский 22 лауазымды тұлғаны, оның ішінде аудан әкімшіліктерінің басшыларын жұмыстан босатуға тапсырма берді. Тиісті жарлықтар президенттің веб-сайтында 16 шілдеде жарияланған, деп жазады tengrinews.kz.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, лауазымды тұлғалардың қызметін тоқтатуы Украина экс-президенті Петр Порошенконың өкілеттігінің аяқталуымен байланысты. Қызметінен босатылғандардың қатарында Оболон, Хмельниц, Харьков және Печерский облыстарының әкімшілік басшылары бар.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұдан бөлек Зелинский бұған дейін Украинаның шет елдегі 12 елшісін ауыстырған.