Жапаров Қырғызстанда қандай нысандар Қытайға берілуі мүмкін екенін айтты

0
2 654

Қытай Қырғызстанның ең ірі несие берушісі болып саналады.


Жапаров Қырғызстанда қандай нысандар Қытайға берілуі мүмкін екенін айтты

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкек ҚХР-ға сыртқы қарыздарын өтей алмаса, елдегі кейбір маңызды нысан Қытайдың басқаруына берілуі мүмкін екенін жоққа шығармады, деп жазады Tengrinews.kz.

Қырғызстан басшысы "Азаттық" басылымына берген сұхбатында елдің сыртқы қарызы банк алдындағы қарапайым несиемен бірдей жүйе бойынша төленетінін айтты. Яғни, банк пен қарыз алушы арасында келісімшарт болады, адам несиесін уақылы төлей алмаса, банк оның үйін немесе кепілге қойған басқа мүлкін алып қояды.

"Сыртқы қарыз да солай. Қарызды төлеу мүмкін болмай жатса немесе бір күнге кешіксе, онда екінші тарап бұл нысандарды өзіне алады деген келісім жасалады", - деді президент.


Қырғызстан басшысы Қытайдың басқаруына өтуі мүмкін нысандардың қатарында елдің солтүстігіндегі ең ірі энергия орталығы - Бішкек ЖЭО, "Датка-Кемин" электр беру желісін, сондай-ақ республиканың солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын жолды атады.

"Біз оларға ақша алдық қой. Уақытында төлемесек, онда бұл нысандарды басқару құқы сол жаққа кетеді. Бұл да жеткіліксіз болса, олар басқаларын да алуға құқылы", - деді Жапаров.

Айта кетейік, Қытай Қырғызстанның ең ірі несие берушісі болып саналады. Оған сыртқы қарыздардың 40 пайыздан астамы тиесілі.

Жапаров Мұндай келісімге бұрынғы билік қол қойғанын атап өтті.

"Клісімді жұмсағырақ жасауға болуышы еді. Біз бұл нысандар өз уақытымен төлеп отырмыз. 2020 жылы 31 желтоқсанға дейін 30 миллион доллар төлеу керек болдық. Біз төледік, ақша таптық. Биыл да оңай құтыламыз деп сенемін, қаржыландыру көзі бар", - деді мемлекет басшысы