Жапонияда коронавирустың таралуына байланысты ТЖ жарияланды

0
658

56 миллион адам аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауы тиіс.


Жапонияда коронавирустың таралуына байланысты ТЖ жарияланды

ERNUR.KZ. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ сейсенбі күні коронавирустың таралуына байланысты Токио, Осака және тағы 5 префектурада 6 мамырға дейін төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеді. Төтенше жағдайдың енгізілуі префектура губернаторларына үйде отырудан бастап мектеп пен басқа да обьектілердің жұмысын шектеп, сақтық шараларын күшейтуге мүмкіндік береді. Режімді сақтамағандарға заң жүзінде жаза қарастырылмаған, деп жазады ҚазАқпарат.

56 миллион адам немесе Токио, Тиба, Канагава және Сайтама, сонымен қатар Осака, Хиого мен Фукуокеде тұратын 45 пайыздан аса жалпы ел тұрғындарының аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауы тиіс. Оларға жұмысқа баруға, ауруханаға қаралу және азық-түлік алу үшін ғана шығуларына рұқсат етілген.

Сондай-ақ коронавирустың таралуын төмендету үшін бар, караоке мен клубтардан алыс жүруге шақырады. Қоғамдық көлік тоқтамайды, бірақ Абэ аталған префекуралардағы азаматтардан сапарларын тоқтата тұруды сұрады.

Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 4800-ден асты, оның 700-ге жуығы ақпан айында Йокогама портында карантинге тоқтатылған Diamond Princess круиздік лайнерінің жолаушылары. Елде коронавирустан болған өлім саны – 108.

7 префектураның губернаторы үйде отыруға шақырғаннан бөлек, мектеп, театр, спорттық стадиондарды жабуды талап етуі де мүмкін.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылы Токиода өтуі керек болған Олимпиада және Паралимпиада ойындарын коронавирустың таралуына байланысты 2021 жылға шегергені хабарланған болатын.