Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, бірнеше жолаушы жағалауға дейін жете алған, біразы ес-түссіз жоғалып кетті.
ERNUR.KZ. Бангладеште үйлену тойы кезінде екі бала мен жеті ересек көз жұмды. Арасында қалыңдық та бар, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Трагедия елдің оңтүстік-шығысындағы Хатия аралында болған. Той меймандары күйеу жігіттің үйіне бара жатқан траулер Мегхна өзенінде суасты кедергісімен соқтығысып, суға батып кетті.
"Жергілікті тұрғындар мен балықшылардың көмегімен өзен полициясы жеті мәйіт тапты. Алайда қанша жолаушы жағалауға дейін жеткені белгісіз", - деді полицияда.
Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, бірнеше жолаушы жағалауға дейін жете алған, біразы ес-түссіз жоғалып кетті.