Жасөспірім 6 жастағы баланы 10 - қабаттан итеріп жіберді

0
687

Мамандар 5 қабатты ғимараттың шатырына құлаған баланы шұғыл жақын маңдағы ауруханаға тікұшақпен жеткізді.


Жасөспірім 6 жастағы баланы 10 - қабаттан итеріп жіберді

ERNUR.KZ. Лондонның Тейт Модерн мұражайында сұмдық оқиға орын алды, деп жазады sn.kz.

17 жасар жасөспірім 6 жасар баланы 10 қабаттан итеріп жіберген. Мамандар 5 қабатты ғимараттың шатырына құлаған баланы шұғыл жақын маңдағы ауруханаға тікұшақпен жеткізді. Дәрігерлер оның ауыр халде жатқанын айтады. Ал қаскөй тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Оның бұл қадамға не себептен барғаны белгісіз. Белгілі болғандай, ол 6 жасар баланы танымайды. Тергеу ісі басталды. Оқиғадан кейін мұражай жұмысын тоқтатып уақытша жабылды.