Жаттықтырушы өлгенше сабаған: марқұм баланың анасы жантүршігерлік жайтты айтып берді

0
525

Жантүршігерлік оқиға 29 сәуірде Әзербайжанның Сумгаит қаласында болған еді.


Жаттықтырушы өлгенше сабаған: марқұм баланың анасы жантүршігерлік жайтты айтып берді

ERNUR.KZ. Әзербайжанда жаттықтырушы ұрып мерт болған баланың анасы сұхбат беріп, спортшыға қатысты деректер айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға 29 сәуірде Әзербайжанның Сумгаит қаласында болған еді. Еуроойындардың қола жүлдегері Мехман Халилов 7 жастағы спортшыны ұрып мерт қылған.Баланың анасы Айнура Бакарова Халилов психикалық жағдайы тұрақсыз екенін айтады.

"Ұлым төрт айдай сол жаттықтырушыға барып жүрген. Фарид әскери адам болуды армандайтын. Ұлымды жаттығуға жалғыз жібермейтінмін. Сол күні жаттықтырушы ашулы болып тұрды. Ол маған тап беріп, ұлымды қыз секілді тәрбиелеп жүргенімді айтып, есіктің ар жағында күтіп тұруымды айтты. Мен төмен түсіп, ұлымды күттім. Жоғарыда біреу айғайлап жатқанын естідім. Жаттықтырушы Мехман қатты айғайлап жатты. Жоғарыға көтерілген кезімде ұлым бұтына жіберіп қойғанын көрдім. Өзіммен бірге қосымша шалбар ала келгенмін, ұлымның киімін ауыстырдым. Артынша жаттықтырушы залдан шығуымды сұрады. Ұлым әлсіреп кеткен. Жаттықтырушыдан ұлымның жағдайын сұраған кезімде ол кросс жүгіргендіктен шаршап қалғанын айтты", - дейді баланың анасы.

Жеті жастағы Фарид ауруханаға жеткеннен кейін 40 минуттан соң қайтыс болған.

"Ауылда тұрамыз. Жедел жәрдем жеткенше... Сондықтан такси шақырдық. Бірақ жаттықтырушы кедергі жасауға тырысты. Әпкеммен телефон арқылы сөйлестім. Ол менің қолымнан телефонды тартып алып: "Әпкең ашуланып тұр. Балаға ештеңе болған жоқ, бәрі дұрыс" деді. Ештеңе істетпеді, қоқан-лоқы көрсетті. Балам ауруханаға жеткеннен кейін 40 минуттан соң қайтыс болды. Ішкі ағзасына УДЗ жасалды. Құлақтары көгеріп кеткен, аяғынан да ұрған", - дейді 7 жасар баланың анасы.