100 доллар алу үшін алдымен City Run арнайы сайтына тіркеліп, содан кейін вакцинация салдыруы керек.
ERNUR.KZ. Нью-Йорк билігі Covid-19 вакцинасының алғашқы дозасын салдырған тұрғындарға 100 доллардан сыйақы жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.
Аталмыш шара алдағы жұмада басталады. 100 доллар алу үшін алдымен City Run арнайы сайтына тіркеліп, содан кейін вакцинация салдыруы керек.
Сондай-ақ, Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио барлық қала қызметкерлерін вакцина егуге міндеттеді. Ал вакцинация жасамағандар ПТР тестінің нәтижелерін үнемі ұсынып отыруы тиіс.
Нью-Йорк мэрінің соңынан аттас штат басшысы да міндетті түрде екпе егу қажеттігін мәлімдеді .
«Нью-Йорк штаты барлық мемлекеттік қызметкерлерге вакцинация немесе тестілеуден өтуді талап етеді», - деп жазды Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо Twitter-де.
Мұнымен қатар шенеуніктердің АҚШ-та қыркүйектің бірінші жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күніне дейін вакцина салдыруы тиіс екендігі айтылды.