Зимбабведе соңғы рет өлім жазасына кесу 2005 жылы тіркелген.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Зимбабведе бұрын өлім жазасына кесілген 60 сотталушының жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, деп жазады inform.kz.
Зимбабве үкіметі президент Эммерсон Мнангагва заңға қол қойғаннан кейін өлім жазасын алып тастағанын жариялады.
Биліктің мәліметінше, бұрын өлім жазасына кесілген 60 сотталушының жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған.
Зимбабведе соңғы рет өлім жазасына кесу 2005 жылы тіркелген.