​Балаларды интернет-алаяқтардан қалай қорғауға болады?

0
4 585

Сіздің балаңыз өзімен жасты балалармен араласып жүрмін деп ойлауы мүмкін, бірақ бұл ересек адам немесе алаяқ болуы мүмкін.


​Балаларды интернет-алаяқтардан қалай қорғауға болады?

Қаскүнемдер желідегі өз профилін баланың аккаунтына бейімдеп, көп жағдайда жасырынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сіздің балаңыз өзімен жасты балалармен араласып жүрмін деп ойлауы мүмкін, бірақ бұл ересек адам немесе алаяқ болуы мүмкін. Мұндай виртуалды «достардың» баланы суретке түсіруге және өздеріне ата-анасының төлем картасын жіберуге, ата-анасының телефонына келетін SMS-кодты хабарлауға немесе зиянды қосымшаны жүктеуге көндіру жағдайлары жиі кездеседі.

Балаңызбен диалог құрыңыз, онымен виртуалды достары туралы шынайы өмірдегі достары жайлы сөйлескен сияқты сөйлесіңіз. Оған интернетте жарияланғанның бәрі жалпыға қолжетімді және бүкіләлемдік ғаламторда сақталатынын, кез келген адам осы деректерді пайдалана алатынын айтыңыз. Балаңызға неліктен бейтаныс адамдарға, әсіресе интернетте сенуге болмайтынын және қандай деректерді ашуға болмайтынын түсіндіріңіз .
Онлайн-алаяқтардың алдауына балалар ғана емес, сенгіш ересектер де түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан өз қаржылық сауаттылығыңызды үнемі арттырыңыз және оған балаларыңызды да баулыңыз! Сондай-ақ, балаңызбен жиі сөйлесіңіз және сіз болмаған кезде туындауы мүмкін түрлі жағдайларды бірге қарастырыңыз.
Әрбір ата-ана білуі тиіс интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері!
  • Интернетте өткізілетін уақытты шектеңіз ;
  • Ата-анадан басқа ешкімге өз паролін бермеу керектігін балаға түсіндіріңіз ;
  • Компьютерде де, телефондарда да антивирусты қолданыңыз ;
  • Электрондық пошта мен мессенджерлерге жіберілген белгісіз кірістірілген файлдарды ашпаңыз ;
  • Контентті тексеріп, тазалап отырыңыз . Ол үшін тегін рекурсивті DNS-сервистерді пайдаланыңыз (мысалы: openDNS, quad9, yandex, т.б.).