60 + санаты алаяқтар үшін ең осал топ болып қалуда.
ERNUR.KZ. 1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн аға буынның ерен еңбегін еске түсіру, қарт адамдардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне жаңа көзқараспен қарау үшін тамаша себеп. 60 + санаты алаяқтар үшін ең осал топ болып қалуда. Оның себебі түсінікті: олардың сенгіштігі, цифрлық сауаттылықтың жеткіліксіздігі және жақындарының тарапынан тұрақты қолдаулың болмауы.
Fingramota.kz кеңінен тараған алдау әдістері мен қауіпсіздік қағидалары және егде жастағы адамдарды алаяқтардан қалай қорғау керектігі жөнінде хабарлады.
Қарт адамдар қаржы пирамидалары үшін оңай олжа
Біз зейнеткерлердің мессенджерлерде өздерін «рекрутерлер» деп атайтын адамдарға жүгініп, жазылымдар ресімдеп беруді, «ғажайып тауарларды» (диеталық қоспалар, косметика, тұрмыстық техника) сатып алуды және жаңа жазылушыларды тартуды сұрайтын оқиғаларды жиі естиміз.
Көптеген қарт адамдар, олардың туыстарының сөзінше «пирамидадан пирамидаға ауысады». Әдетте, оларға «тәуекелсіз жоғары табысқа кенелуге» уәде етіледі, «инвестициялар», «стартап», «мемлекеттік бағдарлама» сөздерін қолданады.
Алаяқтардың ең көп қолданатын әдісі - психологиялық әсер ету, қарт адамдарды «отбасы үшін ақша табу» және «тегін бонустар», сыйлықтар, жеңілдіктер туралы уәделерге сендіріп, балалар мен немерелеріне көмектесуге деген ұмтылысын пайдалану.
Қаржы пирамидасының белгілері:
Негізгі табыс тауарларды/қызметтерді сатудан емес, жаңа қатысушыларды тартудан түседі.
«Кіру жарнасы» немесе тұрақты төлемдер қажет.
Қызметке лицензия жоқ (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында тексеріледі — gov.kz).
Ай сайын 20-30% мөлшерде «тәуекелсіз» кепілдендірілген жоғары табыс туралы уәде.
«Дәл қазір шешіңіз» деген талап қою».
Егде жастағы туыстарды қалай қорғауға болады?
Банк карталарына лимиттер белгілеп, SMS-хабарламаларды қосу.
Қарт туыстармен алаяқтық тақырыбын үнемі талқылап отыру.
Олардан жақындарымен кеңеспей ақша салмауды өтіну.
«Сіздің картаңыз бұғатталды»: жалған банкирдің қоңырауы
Алаяқтар қоңырау шалып, карта бойынша «күдікті операциялар» жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Олар «қаражатты қорғауды» ұсынады және карта нөмірін, CVV-кодты, PIN-ді немесе SMS-пен келетін құпиясөзді айтуды сұрайды. Кейде қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын (TeamViewer, AnyDesk) орнату қажет сендіреді. Нәтижесінде олар шотты толық бақылауға және қаражатты ұрлауға қол жеткізеді.
Егде жастағы туыстарды қалай қорғауға болады?
Банк ешқашан телефон арқылы кодтар мен мәліметтерді сұрамайтынын түсіндіріңіз.
Қосымшаларды қажетсіз орнатудан қорғайтын, әсіресе бөгде адамдардың өтініші бойынша және смартфон операцияларын екі рет растауды талап ететін функцияны қойыңыз.
Егер күмәнді қоңырау болса, телефонды қойып, ресми нөмір бойынша банкке қайта қоңырау шалу керек екенін айтыңыз.
«Сіздің туысыңыз қиындыққа тап болды»: қорқыта отырып сенімге кіру
Алаяқтар өздерін полиция қызметкері немесе дәрігермін таныстырады және жақын адамының: жол апаты, қамауға алу, аурухана түсіп қалу сияқты қиындыққа тап болғанын хабарлайды. «Мәселені шешу» үшін жедел ақша аударуды немесе курьерге қолма-қол ақша беруді талап етеді.
Қарт адамдарға не істеу керек?
Алдымен туыстарыңызға тікелей хабарласыңыз.
Белгісіз адамдарға ақша бермеңіз.
Мұндай қоңыраулар туралы полицияға хабарлаңыз.
«Сізге ақша төлемі жасалады»: мемлекеттік мекеме қызметкерінің қоңырау шалуы немесе келуі
Зейнетақы қоры немесе әкімдік қызметкерлерінің атынан алаяқтар қосымша төлемдер, өтемақылар, субсидиялар уәде етеді. «Ресімдеу» үшін картаны және SMS-тен келген кодты айтуды немесе жалған бланкіге қол қоюды талап етеді. Кейде үйге жалған куәліктермен келеді.
Нені білу және істеу керек?
Барлық төлемдер тек ХҚО немесе eGov.kz арқылы ресімделеді.
Құжаттарды тексеріңіз – 1414 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Ешқашан бейтаныс адамдарға жеке деректерді бермеңіз.
Қарттарды қорғау шаралары
Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғауды күшейтті. Мынадай шаралар енгізілді:
Осал санаттар (оның ішінде зейнеткерлер) үшін кредит берудің агрессивтік маркетингіне және инвестицияға тыйым салу.
МҚҰ мен банктерге қойылатын талаптарды қатаңдату — өнімдерін тықпалайтын қоңырауларға тыйым салу, жасырын комиссиялардан қорғау.
«Банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» немесе қарапайым тілмен айтқанда «Стоп кредит» сервисін қарт туыстарыңызға көрсетіп орнату. Сіз оны eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы бірнеше минутта қосып алып, қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт пайдалана аласыз: жолданымдардың уақыты мен санына шектеулер жоқ.
1000 АЕК-тен (2025 жылы 3 932 000 теңге) асатын кредит немесе микрокредит алған кезде клиенттің жұбайының (зайыбының) келісімі қажет. Егер қарыз алушының некесі тіркелген болса, келісім eGov немесе банктің мобильді қосымшасы арқылы жазбаша немесе электрондық нысанда ресімделеді. Егер кредит жұбайының (зайыбының) келісімінсіз берілсе, онда кредитор мұндай берешекті есептен шығаруға міндетті.
«Қосымша қол» сервисі
Бұл – Агенттіктің қарт адамдар мен мүгедектерді алаяқтықтан қорғау үшін әзірлеген құралы. Сервиске сәйкес қарт адам немесе мүгедектігі бар адам келісім бойынша сол банктің немесе қаржы ұйымының клиенттерінің ішінен өзіне «көмекшіні» (сенімді адамды) тағайындай алады.
Көмекші клиенттің жоспарланған операциялары — аударымдары, салымдар немесе карталар ашу, валюта айырбастау, инвестициялық қызметтер және т.б. туралы хабарлама алады. Егер көмекшіде алаяқтық әрекеттерге күдік туындаса, кредиттік ұйым клиентті хабардар ете отырып, «қосымша қол» қызметін ажыратуға міндетті болады.