Комаровский коронавирустан қорғайтын ғажайып әдіс туралы айтты

0
1 176

Әр адам қандай жерде вирус көп жиналатынын білуі керек, дейді дәрігер.


Комаровский коронавирустан қорғайтын ғажайып әдіс туралы айтты

ERNUR.KZ. Танымал жоғары санатты педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Евгений Комаровский коронавирусқа қарсы ғажайып дәрі туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Дәрінің қалай әсер ететінін анықтау үшін хаттама бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Әлем медицина ғылымында ешқандай тәжірибесі жоқ дертпен бетпе-бет келді. Соңғы жарты жыл ішінде коронавирусты емдеуге қатысты көзқарасымызды сан мәрте өзгерттік», - дейді Евгений Комаровский.


Оның айтуынша, әр адам өзінің және баласының профилактикасын ойлай келе қандай жағдайда, қандай вирус жұқтырған кезде қатты ауыратынын түсінуі керек.


«Тыныс алған кезде тыныс алу жолына белгілі бір мөлшерде вирус жиналып қалуы мүмкін. Вирус саны қаншалықты көп болса, одан оңалу соншалықты қиын болады. Әр адам қандай жерде вирус көп жиналатынын білуі керек. Ол адам ауырып жатқан және ауа тар жер болуы мүмкін. Осындайды түсінген жағдайда көп сұрақтың жауабы табылады. Егер орман, саябақ, көше бойында келе жатсаңыз - кең ауада вирус жойылып кетеді. Ауырған адам сізге жақын жерде тұрып тыныс алса - ауырып қалуыңыз мүмкін. Егер бөлме іші желдетілмесе - тіптен қауіпті», - дейді ол.


Сондай-ақ, ол коронавирусқа қарсы ең тиімді дәрі - бөлмені желдету екенін айтты.


«Адамдар өздері қорқатын нәрсеге деген көзқарасын өзгертуі керек. Бөлмені жиі желдетіп отыру керек. Ең ғажайып дәрі - желдету. Адамдар арасындағы қашықтықты ұлғайтып, ауа алмасуды қамтамасыз ету керек. Маска тағуға қарағанда осы әдіс тиімдірек. Үйде қамалып отырасыз немесе бөлмені желдетіп отырасыз. Қазақстандықтар осыны түсінуі керек», - дейді дәрігер.