ERNUR.KZ. Шымкент қаласының миллионды қала атануы – тарихи маңызы бар шара. Миллионды қала болудан тұрғында не күте алады және мұндай мәртебе қала халқының жағдайына қалай әсер етпек?
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының миллионды қала атануы – тарихи маңызы бар шара. Миллионды қала болудан тұрғында не күте алады және мұндай мәртебе қала халқының жағдайына қалай әсер етпек?
Осы сауалды Шымкент қалалық мәслихаттың депутаты Ерболат Нұрмахановқа қойған болатынбыз.
Миллионды қала болу тұрғындарға не береді?
Бұл қаламыздың өсуіне, дамуына жаңа серпін болмақ. Қаланың мәртебесі өскенде шетелден келетін инвесторлар мен туристер көптеп тартылады. Өзімізден шыққан ірі кәсіпкерлер қаланың дамуына үлесті еселеп қосатын болса, жұмсалған қаражат еселеніп халыққа пайдасы тиеді деген сеніміміз артады. Жергілікті бюджетпен тікелей жұмыстар жасалған соң мәселелер кезек күттірмей тезірек шешілетін болады. Әлбетте, қаланың бюджеті де молаяды.
Мегаполис атауына лайық болуы үшін қандай жұмыстар атқарылуы тиіс?
Осы мәртебеге лайық болуы үшін бірнеше критерийлер бар. Соған сәйкес болуы тиіс. Оның ішінде ең маңыздысы – қаламыз қауіпсіз болуы тиіс. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында үлкен жұмыстар атқарылады. Екінші орында – қаланың сәулеті мен салтанаты сәйкес келуі керек.
Қазіргі таңда біздің қаламыздағыдай өнер ошақтары басқа қалаларда жоқ. Алдағы уақытта одан да артады деген ойдамыз.
Ал ең маңызды критерий – қаланың шеткері тұрғын алаптары мен шағын аудандардың жағдайы. Олардың инфрақұрылымы қаланың ортасымен салыстырғанда ешқандай айырмашылық болмауы тиіс. Сондықтан инфрақұрылымға бөлінген қаражат теңгерімді түрде жұмсалуы тиіс. Яғни, мысалға келтіретін болсақ, қаланың орталығында 10 көше жөнделетін болса, тұрғын алаптарынан да 10 көше жөндеу кезеңінен өтуі керек.
Қаламыздың шағын аудандары мен тұрғын алаптарында тұратын халық пен орталығында тұратындардың жағдайы барлық жағынан тең болуы тиіс. Сонда ғана нағыз мегаполис деген атқа лайықты боламыз.
Шымкент қалалық мәслихатының дептаты Ерболат Нұрмаханов оОсынау тарихи күнмен қала халқын құттықтауды да ұмытпады:
- Қадірлі оңтүстік халқы және қала тұрғындары!
Бүгін аса қуанышты әрі тарихи маңызды күн! Оңтүстік өңірінің орталығы Шымкент қаласы бір миллион халқы бар қала деген атауға ие болды. Ендігі жерде республикалық маңызы бар қала мәртебесін алу үшін бүгін ұсыныс облыстық мәслихат тарапына жөнелтілді. Алдағы уақытта Президент жарлығымен құжат дайындалады. Осы бір тарихи сәтпен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!