Зейнетақы төлемдерін алу үшін арнайы шотты қалай ашуға болады?

0
4 053

Енді бұл операцияларды «Отбасы Банк» жүзеге асырады.


Зейнетақы төлемдерін алу үшін арнайы шотты қалай ашуға болады?

«Отбасы Банк» банк операцияларын жүзеге асыру лицензиясын «тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу мақсаттарына біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банк шоттарын ашу және жүргізу» деп аталатын жаңа қызмет түрімен кеңейтті.

2021 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»акционерлік қоғамына («Бәйтерек»холдингінің еншілес ұйымы) қызметтің жаңа түрі - біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банк шоттарын ашуға және жүргізуге рұқсат берді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2021 жылдың2 қаңтар күні қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.

Зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарға ғана (тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделуге ақы төлеу), оларды арнайы ағымдағы шоттан нысаналы мақсатына аудару жолымен пайдалануға болады.

Біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шот - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті операторындатұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу мақсаттарына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін алушымен ашылатын ағымдағы банк шоты.Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға арналған арнайы шоттарды ашу және жүргізуге байланысты қызметтің жаңа түрін айқындау үшін рұқсаттар мен хабарламалар туралы және тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы заңдарға өзгерістер енгізілді.


«Бұл зейнетақы қорының салымшысына қаражат арнайы ағымдағы шотқа аударғаннан кейін зейнетақы жинағының қауіпсіздігінесенімді болуға мүмкіндік беретін бірегей заңнамалық бастама. Қаражат барынша қорғалатын болады, оларды салымшының өзге қарыздық міндеттемелері шеңберінде ешбір несие берушіесептен шығара алмайды. Аталмыш қаражатты салық берешегі бойынша өндіріп алу мүмкін емес, тіпті бұл ақша мүлікті тәркілеу туралы сот үкімдерінен де қорғалған. Осылайша, ешбір үшінші тұлға оларды талап ете алмайды», - деді Ләззат Ибрагимова,«Отбасы Банк»АҚ Басқарма төрайымы.


Біржолғы зейнетақы төлемдерінің осылай жіті қорғалуын қамтамасыз ету үшін азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, отбасы және неке кодексіне, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Біржолғы зейнетақы төлемдері аударылатын арнайы ағымдағы шотты«ЖССБ24» мобильді қосымшасы арқылы және «Отбасыбанк» АҚ сайтындағы бейнеқоңырау қызметі арқылы ашуға болады. Сәйкесінше, өтініш берушілерге Банк бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ.Мұндай шотты ашуға байланысты операциялардың барлығын онлайн жүзеге асыруға болады.

Арнайы шот ашпай тұрып, қолжетімді соманы қандай мақсатта пайдаланғыңыз келетінін анықтап алуға кеңес береміз. Оны «Отбасы Банк» АҚ құрастырған онлайнплатформада жасауға болады. Өтінімдердіонлайн платформаданормативтік-құқықтық құжаттарбекітілгеннен кейін беругеболады.

Дереккөз: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi баспасөз қызметі.