Әйелдерге қарағанда ЕРЛЕР жол апатына ЖИІ ТҮСЕДІ

0
648

Автокөлік жайлы сіз білмейтін деректер.


Әйелдерге қарағанда ЕРЛЕР жол апатына ЖИІ ТҮСЕДІ

Автокөлік адамзат әлеміндегі ең маңызды өнертабыстардың бірі. Біз көліксіз саяхатты, жол жүруді, табиғатқа шығуды, жалпы өмір сүруді елестете алмаймыз. Сондықтан қазір көптеген адамдар үшін автомобиль сән-салтанат белгісі емес, таптырмас көлік құралы болып саналады. Бірақ, біз автомобильдің аумалы-төкпелі тарихына қатысты не білеміз? Автокөлік тарихында қандай ерекше оқиғалар орын алды? Бұл сұрақтардың жауабына жауап беріп көрелік.


● Алғашқы көліктерде руль болған жоқ. Оларды жүргізушілер рычагтар арқылы басқарды. Сәйкесінше кейбір адамдар көлік тұтқаларын «ұнтақтағыштар» деп атаған. Бұл қазіргі ойын консольдеріне ұқсас болған.

● 1902 жылы Огайо штатының Дейтон қаласында Гарри Маерске жылдамдықты арттыру бойынша алғашқы айыппұл салынған.

● 1916 жылы әлемдік нарықтағы автомобильдердің 55%-ын Фордтың "T моделі" иеленді. Бұл рекордты осы уақытқа дейін ешкім бұза алмады.

● Алғашқы газ сенсоры 1922 жылы пайда болды.

● Машиналарға арналған 173 өнертабысты әйелдер ойлап тапқан. Олардың ішінде көлік қозғалтқышының стартері мен карбюраторы бар.

● 1929 жылы салмағы 12 келі болатын алғашқы Blaupunkt Avto super 5 автомобиль радиосы ойлап табылды.

● Апаттан кезіндегі қауіпсіздік жастығы 40 миллисекундтан кейін үрлене бастайды.

● Ferrari күн сайын ең көбі 14 көлік шығарады.

● Еуропаның көлік ең көп жүретін жолдары Люксембургте. Онда орташа есеппен 1000 адамға 570 көлік тіркелген. Салыстырмалы түрде алар болсақ, Мәскеуде мың адамға 350 көліктен келеді екен.

● Бензинмен жүретін көліктерге арналған алғашқы жарыс 1895 жылы Чикагода өтті. Жол Чикагодан Эванстонға дейін созылды. Жарыстың жеңімпазы Дж. Фрэнк Дериеа, оның орташа жылдамдығы сағатына 115 шақырым болған.

● Автокөлік – тұтынушылық өнімдер қатарына жатады және оның қайталама шикізаты бүгінде ең көп өңделетіндер арасында бар.

● Гонконг – жан басына шаққандағы Rolls-Royce көлігі ең көп қала.

● Орташа алғанда, адам өмірінің 2 аптасын бағдаршамдағы жарықтың өзгеруін күтумен өткізеді.

● Әлемдегі ең кең жол - Бразилиядағы монументалды Ось, ол 160 көлікке жақын жүруге мүмкіндік береді. Жолдың ені – 250 метр.

● Автокөлік жүргізушілерінің 90 пайызы рульде ән айтатынын мойындайды.

● Статистикада ер жүргізушілердің жол апатына ұшырау ықтималдығы әйел жүргізушілерге қарағанда екі есе жоғары екендігі айтылған.

● Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесу арқылы сіз апат мүмкіндігін 400 пайызға арттырасыз.

● Лондон таксилерінің биік шатыры өткен ғасырлардағы ерлердің сәнді бас киімдерін зақымдамау үшін жасалған.

● PEUGEOT компаниясы 1978 жылы Chrysler-дің барлық еуропалық эксплуатациясын сатып алғанда американдықтарға тек 1 доллар төлеген.

● 1924 жылы Ford маркалы көліктің құны 265 долларды құраған.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БАЙҚАҢЫЗ: Көлік жүргізгенде жануарды соғып кетуден сақтайтын кеңестер


Қар жауып тұрған кезде көлікті ҚАЛАЙ БАСҚАРУ КЕРЕК?