Электромобильдің қарапайым көліктен ҚАНДАЙ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ бар?

0
915

Кейбір жағдайларда электрокарлар бензинмен жүретін көліктерді басып озады.


Электромобильдің қарапайым көліктен ҚАНДАЙ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ бар?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Неліктен электромобильдер қарапайым қозғалтқыштары бар машиналарға қарағанда жақсырақ? Жанармай құю станциясын табу зарядтау станциясын табуға қарағанда әлдеқайда оңай емес пе? Оның үстіне қарапайым қозғалтқышы бар көліктер ұзақ қызмет етпей ме? Алайда, қазір нарықта Tesla және Polestar сияқты эксклюзивті электромобиль өндірушілерінің көліктері көбейіп жатқандықтан, автокөлік жүргізушілеріне таңдау көп. Тіпті, Porsche, BMW де электромобильдер шығарып жатыр, Dodge де жақын арада өз жаңалығын жарияламақ. Сондықтан бізге де электромобильдердің неге соншалықты белсенді таралатынын түсінетін уақыт келген сияқты.


Лезде қозғалу

Қазіргі уақытта өндірістегі ең жылдам кроссоверлердің бірі-Tesla Model X Plaid. Бұл 1020 ат күші бар, толық электрлік көлік. Ол өзінің ауыр салмағына қарамастан 2,5 секундта жүз шақырым/сағат жылдамдыққа жете алады. Әлемдегі ең жылдам өндіріс машинасының рекорды Rimac Nevera-ға тиесілі – жалпы қуаты 1,877 ат күшіне тең болатын, төрт электр қозғалтқышымен жабдықталған электрлік купе.

Әлемдегі ең жылдам машиналар үдеткіш уақытын азайту үшін электр энергиясын пайдаланады. Атап айтқанда, Ferrari Sf90 Stradale 0-100 км/сағ қашықтықты 2 секундта жүріп өтеді және бұл электр қозғалтқышының арқасында. Керісінше, ішкі жану қозғалтқышы бар автомобиль максималды қуат пен моментті беру үшін қозғалтқыштың жылдамдығын арттыруы керек.


Қосымша мүмкіндіктер

Қуатты көліктер үшін үлкен сандар ғана маңызды емес. Мысалы жоғары өнімділігі бар көлік сатып алған адам көлік жүргізудің қызықты тәжірибесін күтеді және элекрокар бұл үшін ең қолайлысы. Сатылатын әрбір электромобиль кем дегенде бір электр қозғалтқышымен және регенеративті тежеу жүйесімен стандартты болып саналады. Өнімділігі жоғары модельдер әдетте екі немесе одан да көп қозғалтқыштармен сатылады. Бұл қозғалтқыштар арасында физикалық байланыссыз толық жетектің қосымша артықшылықтарын білдіреді. EV әлемінің жоғарғы эшелондарында үш және төрт қозғалтқышты модельдер кездеседі. Соның ішінде төрт қозғалтқышты үлгіде әр доңғалақтың өз қозғалтқышы болады. Бұл лезде қозғалудың әлдеқайда жетілдірілген жүйелерін пайдалануға мүмкіндік береді.


Батарея салмағы

Батарея электр машинасының ең ауыр бөлігі болып саналады. Блоктың салмағы орта есеппен 455 келіні құрайды. Бұл айқын кемшілік болғандықтан автомобиль өндірушілер жеңіл батареяларды шығару үшін көп жұмыс істейді. Бірақ, бұл нәрсені былай түсіндірсек, пікір өзгеруі мүмкін.

Айталық, батарея ұяшықтары мүмкіндігінше төмен орнатылған. Бұл ауырлық центрін айтарлықтай төмендетеді. Теориялық тұрғыдан алғанда, ауырлық центрі неғұрлым төмен болса, автомобиль соғұрлым жақсы бұрылыстар жасай алады. Сонымен қатар, ол сенімділікке ие болады.

Алайда, батареяларды төмен деңгейде орнату жақсы идея болып көрінгенімен, көптеген автомобиль өндірушілер әлі күнге дейін шешім таба алмаған жағымсыз жанама әсер бар. Батарея жерге жақын болған кезде, басқа бөліктерді көтеру керек болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Көлік жүргізгенде бұл ДӘРІЛЕРДІ ІШПЕҢІЗ!

КӨЛІК ҚҰПИЯСЫ: Toyota адамдардың жүрегін қалай жаулайды?