Құны – 1 МЛРД ДОЛЛАР! Башар Асадтың гаражынан ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕР табылды?

0
554

Табылған көліктердің құны өте қымбат әрі сирек кездеседі.


Құны – 1 МЛРД ДОЛЛАР! Башар Асадтың гаражынан ҚАНДАЙ КӨЛІКТЕР табылды?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Дамаскідегі Башар Асад резиденциясынан сирек кездесетін сәнді көліктер коллекциясы табылды. Бұл туралы autonews хабарлады. Мүмкін, бұрынғы Сирия Президентінің гаражындағы ең мықты модельдер ретінде Land Rover Defender, Toyota Land Cruiser және Audi A8 көліктерін атауға болатын шығар. Дегенмен, Башар Асадтың гаражында одан да қызықты үлгілер болған.


Mercedes-Benz SL65 AMG Black Series

Әлемде мұндай көліктің небары 350 данасы шығарылған. Олар арматураланған пластиктен жасалған бірегей корпус элементтерімен, доңғалақ доғаларын кеңейтушілермен, аэродинамикалық спойлермен, сондай-ақ эксклюзивті интерьер дизайнымен ерекшеленеді.

Қозғалтқыш бөлігінде үлкейтілген интеркулері, жаңартылған супер зарядтау жүйесі және қайта конфигурацияланған басқару блогы бар қуатты 12 цилиндрлі қозғалтқыш бар. Құрылғының қуаты 670 ат күшіне тең. Бұл көлік 100 км/сағат жылдамдыққа 3,8 секундта жетеді екен. Екінші нарықтағы сәнді неміс лимузині орта есеппен 150 мың АҚШ долларына бағаланады.


Lamborghini Diablo

1990 жылдардың ортасында аты аңызға айналған суперкар 590 ат күші бар қозғалтқышпен жабдықталған. Бұл көлік 100 км/сағ жылдамдыққа жету үшін 3,4 секундты қажет етеді.


Ferrari F50

Суперкар 1995 жылы аты аңызға айналған итальяндық брендтің 50 жылдығына орай шығарылған. Модель 520 аттың күші бар V12 қозғалтқышының арқасында 100 км/сағат жылдамдыққа 3,7 секундта жетеді. Сирек кездесетін көліктің бағасы кейбір шетелдік алаңдарда 3,5 миллион долларға дейін көтеріледі.


Lamborghini LM002

Бұл 1980 жылдардың соңында шығарылған итальяндық брендтің алғашқы өндірістік жол талғамайтын көлігі. Таралымы небәрі 328 дана болған. Көлік 455 ат күшіне ие V12 қозғалтқышымен жабдықталған. Көлік толық жетекті және тәуелсіз серіппелі суспензияға ие. Ең жоғары жылдамдығы 201 км/сағ-пен шектеледі. Шет елдерде бұл модельдің құны 480 мың долларға жетеді.


Aston Martin Rapide

Аталған спорттық көліктегі қозғалтқыштың көлемі 6 литр және 477 ат күшіне ие. Модель бір кездері әлемдік автоқауымдастық пікірімен өз класындағы ең әдемі динамикалық көліктердің бірі ретінде танылған. Айтпақшы, бұл көліктің максималды жылдамдығы – 303 км/сағ. Құны 100 мың доллардан асады.


Басар Асадтың гаражында бұл көліктерден бөлек Rolls-Royce Wraith, Bentley Continental GT, Audi R8, Cadillac Escalade, Mercedes-Benz SLS AMG және бірегей Mercedes-Benz 600 Grosser бар екен. Айтпақшы соңғы аталған көлікті Саддам Хусейн, Мао Цзэдун және Леонид Брежнев қолданған. Кейбір деректерге сүйенсек, Сирияның бұрынғы президентінің автомобиль коллекциясының құны 1 миллиард доллардан асатын көрінеді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА... Қай көлік 400 км/сағ жылдамдықты БІРІНШІ БАҒЫНДЫРҒАН?


Антифриздің ТҮСІ нені БІЛДІРЕДІ? Қайсысын ҚҰЙҒАН дұрыс?