Көліктің ҚАНША шақырым жол жүргенін ОҢАЙ АНЫҚТАЙ аласыз

0
5 460

Автокөліктің жүрген жолын жабдықтардың жағдайына қарап білеміз.


Көліктің ҚАНША шақырым жол жүргенін ОҢАЙ АНЫҚТАЙ аласыз

ллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Автокөлік сататын адамдардың басым бөлігі өз пайдасын ойлап, көліктің жүрген жолын азайтып айтатынын білеміз. Ал, әккі тұтынушылар ол сөздерге емес, өзінің тәжірибесіне сенеді. Ол өте дұрыс. Өйткені көліктің құны жағдайына сай болуы қажет.


Жүрген жолды анықтау үшін неліктен салонды тексереміз?

Шын мәнінде, ақау пайда болған құрылғыларға қарағанда, салонды мұқият қарап шығу арқылы көліктің қаншалықты жол жүргенін анықтау оңай болады. Әлбетте нақты шақырымын есетпеу мүмкін емес. Мақсат – сатушының алдауға әрекеттенгенін әшкерелеу (егер солай болса).Сонымен қатар, көліктің апатқа ұшыраған, ұшырамағанын анықтай аласыз.

Әрине, әртүрлі автокөлік салонының жағдайы безендіру үшін қолданылатын материалдарға байланысты әртүрлі болады: пластиктің сапасы, орындықтардың төсеніштері, есік тұтқалары және рөл. Мысалы, қымбат автокөліктің салоны қанша жыл өтсе де жаңа күйінде сақталып тұрады. Сондықтан мұндай жағдайда көліктің бағасын да салыстыра отырып бағамдау қажет. Тіпті болмаса, таңдаған көлігіңіздің қай бөлігіне назар аудару қажет екенін білікті мамандардан сұрап алған дұрыс. Сосын, білген—түйгеніңізбен жағдайды бағалай бересіз.


Рөл мен бақылау тақтасының жағдайы

Рөл дөңгелегі үнемі жұмыс істейтіндіктен, көліктің жүрген жолын оның тозу деңгейіне қарап шамалай аласыз. Бірақ барлығын емес. Өйткені, кейбір автокөліктердің рөлі тез тозып, бірнеше мың шақырымнан кейін жаңасын орнатуға тура келеді. Бұл туралы да көліктің маркасына қарап, алдын ала біліп алыңыз. Әдетте былғарыдан жасалған рөлдер 300 000 шақырымнан кейін жарамсыз күйге түсіп жатады. Тіпті, пластиктен немесе ең қарапайым материалдан жасалған рөлдер былғарыдан ұзақ қызмет етеді. Бірақ, әр көлікте әртүрлі болатынын және соны анықтап алу керектігін ұмытпаңыз. Ал, пластикалық рөл айнадай жылтырап, одан басқа заттар көрінетін жағдайға жетсе, көліктің жүрген жолы 100 мың шақырымнан кем болмайды.

Рөлдің сыртқы жағдайын бағалап болғаннан кейін рөл бағанының тік күйінде тұрған, тұрмағанына назар аудару керек. Егер рөл кем дегенде бірнеше градусқа ауытқып кетсе, бұл рөл жабдықтарының ауысқанына дәлел болуы әбден мүмкін. Мұндай жөндеу әдетте 100 мың шақырым жүргеннен кейін қажет болып жатады. Егер сатушы осындай жағдайдағы көліктің жүрген жолын азайтып айтса, бұл күмән тудырады. Сондай-ақ, рөлдің ауытқуы оның алынып, қайта салынғанын білдіреді. Яғни көлік жол апатына ұшырап, қауіпсіздік жастықшалары атылған деген сөз.

Сондай-ақ, рөлдегі тетіктердің сыры кетіп, астындағы қосқыштардың белгісі өшсе немесе жылтырап кетсе, бұл көліктің аз жүрмегенін білдіреді. Айтпақшы, бұл жабдықтар жаңасына ауыстырылуы мүмкін. Сондықтан барлық тетіктердің күйін салыстыру қажет. Егер олардың бірі басқаларына қарағанда әлдеқайда жаңа болып көрінсе, ол ауыстырылған. Әдетте, жарық секілді құрылғыларды қосқыштар 100 мың шақырымнан аса жол жүрілгеннен кейін ауыстырылады.

Одан бөлек, бақылау тақтасының шынысында немесе айналасында бұранда ізі қалып қойса, бұл спидометрдің өзгертілгенін білдіруі әбден ықтимал.


Есіктер мен орталық панельдің жағдайы

Көлік есіктері әрдайым қолданылатындықтан, жүрген жолдан хабар беріп тұрады. Ал, көлік 100 000 шақырым жүргеннен кейін, есіктің тұтқалары тоза бастайды. Ал, шынтақ қоятын тұтқалар оңайлықпен тоза қоймайды. Демек, сіз таңдаған көліктің шынтақшалары тозса, көлік 100 мың шақырымнан әлдеқайда көп жүрген. Осы орайда кейбір арзан көліктердің шынтақшалары қарапайым матадан жасалып, тез тозатынын да айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, есіктің қаптағыштарда сызаттың көп болуы, оларды бекітетін бұранда орындарының кеңеюі, шыны көтергіш пен құлып механизмінің жөндеуді қажет етуі жағдайларын мұқият қарап шығыңыз. Егер осылардың біреуі орын алса, көліктің жүрген жолы 100 000 шақырымға жуық деген сөз.

Енді орталық панельдің күйіне тоқталсақ. Алдымен панельдегі қол жиі тиетін, мысалы, ауа шығатын дефлекторларға назар аударыңыз. Егер оның тұтқалары сынып немесе түсіп қалған болса, автомобиль жүздеген мың шақырымнан көп жол жүрген. Сонымен қатар, магнитовонның жағдайы, тетіктердің тозуы секілді жағдайларға назар аударыңыз.


Педаль, кілемше мен орындықтың жай-күйі

Егер педальдардың резеңкесі жаңа болса, мұны бірден ескеру керек. Яғни бұрынғысының тоз-тозы шығып, жаңасына ауыстырған болуы мүмкін. Бірақ, олар оңайлықпен тозбайды. Сондай-ақ, кілемшенің, педальді басқанда аяқ тиетін жерлердің тозуы да көп жүрілген көліктің белгісі.

Сондай-ақ, көлікті басқару кезінде жүргізушінің аяғына тиетін педальдарға жақын орналасқан торпедо орындарын қарастырыңыз. Үлкен жүгірісте оларда тозудың айқын іздері болады.

Ал, орындыққа келгенде қпашықтардың күйіне қарап бағамдау қиын болады. Өйткені, оны жаңасына ауыстыру қиын тірлік емес. Сондықтан, орындықтың өзіне мән беріп, жай-күйін бағамдау қажет. Мысалы, орындықтағы жолаушыларға арналған қауіпсіздік жастықшалары, тігіс және т.б. Одан бөлек, әр орындыққа отырып, салыстыруға болады.


Тағы неге мән беру керек?

Әлбетте төбеге. Бұл адам денесі ең аз тиетін бөлік болғанымен, жай-күйі көптеген қызықты ақпарат бере алады. Мысалы, төбеде дақтар болса, онда люктің әсерінен болуы мүмкін. Бірақ, көлігіңізде люк болмаса, бұл дақтар әйнектің дұрыс ауыстырылмауынан немесе төбеге жиналған жаңбыр суының әсерінен де болады. Демек, бұның барлығы көліктің ескіргенін, ұзақ жүргенін білдіреді.

Әрі қарай???

Сонымен, егер айтылған әдістер бойынша сатушының қандай да бір айла-әрекетке барғанын анықтасаңыз, күрделі механизмдерін арнайы мамандарға тексерту қажет. Немесе көліктің бағасын төмендетуге тырысыңыз. Тіпті, болмаса басқа көлік қарастыруға да болады. Өйткені, тұтынушының шешімі әрдайым дұрыс.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ӨТЕ ПАЙДАЛЫ: Тәжірибелі жүргізушілерден 4 лайфхак


АВТОКӨЛІК: салондағы ИІСТЕР өміріңізге ҚАУІП төндіреді