Инстаграм желісін күніне неше уақыт пайдаланысыз? Ол жерде үйде отырып пайда табуға болатыны туралы түрлі хабарландыруларда толып жүргенін жақсы білесіз. Бірақ олардың барлығы сенімді деп айта алмаймыз. Дегенмен ғаламтор арқылы сауда жасап отырғандар да бар екенін шындық. Олардың көбі үйде баламен отырған жас аналар.
Инстаграм желісін күніне неше уақыт пайдаланысыз? Ол жерде үйде отырып пайда табуға болатыны туралы түрлі хабарландырулар толып жүргенін жақсы білесіз. Бірақ олардың барлығы сенімді деп айта алмаймыз. Дегенмен ғаламтор арқылы сауда жасап отырғандар да бар екені шындық. Олардың көбі үйде баламен отырған жас аналар.
Жақында әлеуметтік желіде балалар киімін сататын, жас ана Марияммен таныстым. Ол да өз кәсібін ғаламтор арқылы дөңгелетіп отыр екен, бізге өзінің кәсіпті қалай бастағаны туралы қысқаша баяндап берді.
"Алғаш рет ғаламтор арқылы киім сатуға болатынын құрбымнан білдім. Ол үлкендерге арналған киімдерді Түркиядан алып келіп сатып жүр екен. Соны көрген менің қызығушылығым ояна бастады, ол уақытта күйеуім екеуміз пәтерде тұрамыз. Сауда арқылы табыс тапқым келгенімен, ол кезде жүкті болатынмын әрі мемлекеттік мекемеде қызмет істейтін едім. Сол уақытта алғаш рет ғаламтор арқылы киім сатуға болатынын білдім (күліп). Солай ойлап қойғаныммен бірден кірісіп кетпедім, өйткені екі айдан кейін декреттік демалысқа шығып Алматыдан Шымкентке қайтту керек болды.
Сол уақытта инстаграмнан түрлі балалрға арналған киімдерді қарап жүретінмін. Ал менің әпкемнің үш баласы бар, өзі инстаграмда көп отыратын. Өзінің айтуынша, киімдерді сол инстаграм арқылы тапсырыс беріп алады екен. Сол әпкем де "осылай сатып көрсеңші" деген ұсынысын айтқанымын, босанатын уақытым жетіп тағы да ойым орындалмай қалды (күліп).
Тек баламды босанып 1-2 ай өткенде бос уақыттым көбейіп, зеріге бастадым. Сосын инстаграмнан түрлі парақшаларды зерттеп, балалар киімін сатамын деп шештім. Алғашында күйеуім «Алданып қалма» деп ақша бергісі келмеді. Бір рет солай зат әкелушілерге алданып қалған кезімде болған, бірақ шүкір ақшасын қайтарып алдық. Негізі қалай сату керек екенінің барлығын ғаламтордың көмегімен үйрендім. Киімдеріңді жарнамалау, оларды суретке дұрыс түсіру деген сияқты өзінің қиыншылықтары болады. Одан кейін интернет-дүкендер орынға ақы төлемегендіктен арзандау болып келеді. Ал жұрт арзан, демек сапасы төмен деп ойлайды. Негізі олай емес, өйткені бірінші сапасына мән беремін. Қазір мен сататын киімдер Қытайдан тікелей келеді. Кәсіп бастау үшін бәсекелестіктен қорықпау керек"-дейді Мәриям ханым.
Сіз ғаламтордан киім сатып алып көрдіңіз бе?
Фото: @kids_panda_kz
Автор: @Karashash_esenbay