Тігіншілік - текті өнер. Қазақ отбасы қыз келгенде "Кесте тігер" келді деп бекер қуанбаса керек-ті. Өйткені бұл қазақ қызының болмысымен үндесіп жатқан көркем өнер, ал оны мына нарық заманында кәсіпке айналдыру екі еселенген өнер. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз психолог, бірақ тігіншіліктен жанына тыныштық тауып отырған Гүлнаш Бақытжанқызы.

Гүлнаш Бақытжанқызы өзінің кәсібі туралы "Әр жасалған істің бір қайыры болады. Бұл заңдылыққа Тәңірдің берер ризықтары кепіл: олар еш уақыт кешікпейді, дайым уақытында есік қағады - сіз қайырлы дүниеге дайын болған мезетте. Өз кәсібімді бастасам ба екен деген ой осыдан тура бір жыл бұрын Рамазан айында келіп еді. Бастапқыда пісіп-жетілсінші деп, дауаламай жүрдім. Асықпадым. Бірақ бәрі ойламаған жерден, кенет әрі тез орын алып кетті. Бісмілләсін құрақпен көмкерілген киім үлгілерінен бастадым - кәсібім оңынан құралсын дегенім. Оны қыздарым киіп, былай да былай суретке түсті. Бөлек парақша аштық, оған сол суреттерді жүктедік. Алғашқы қадам осылай жасалып еді. Әлі бір тұрақталған сұмдық бизнес болып кетпесе де, сол бағытта жылжу бар. Мың шүкір. Тамыздың 10-на кішкентай ғана @baq_nesibe -ге бір жыл толады. Ата-анам - Бақыт пен Несібелінің құрметіне қойылған кәсіп тәй-тәй басып жатқаны көңіл қуантпай қоймайды. Ісіме сол екеудің маxаббатындай беріктік бұйырсын, есімдеріне сай БАҚ пен НЕСІБЕ өзіме дайым серік болсын деп, ниеттеніп осылай атап едім. Шүкір, қайырлысы сол. Қайырлы дүние еш уақыт кешікпейді" дейді.Гүлнаш ханымға қазіргі таңда Шымкент, Қызылорда, Алматы қалаларынан тапсырыстар келеді. Ұлттық нақыштағы киімдермен бірге мерекелік кештерге арналған көйлектер де коллекциядан орын тапқан. Соңғы уақытта сәукеле мен қазақша киімдерге арналған белбеулер жасауды қолға алған.
Фото: @baq_nesibe
Автор: @karashash_esenbay
ERNUR.KZ