Бауырды қаймақ қосып бұқтырып көріңіз

0
791

Бауыр тез пісетіндіктен бұл тағамды 10-15 минутта дайындай аласыз!


Бауырды қаймақ қосып бұқтырып көріңіз

Қажетті қоспалар:

  • 500 гр. бауыр
  • 1 дана пияз
  • 2 дана сәбіз
  • 2 ас қасық қаймақ
  • 1 шыны су
  • 1 ас қасық зәйтүн майы
  • 1 ас қасық сары май
  • 1 ас қасық ұн
  • Дәміне қарай тұз, ұнтақталған қара бұрыш
  • дәміне қарай азырақ сарымсақ, аскөк


Дайындалу тәсілі:

  1. Пиязды жұқалап турап аламыз. Сәбіздің қабығын аршып, үккіштен өткізуге немесе жұқалап турауға болады.
  2. Содан соң табаны отқа қойып, сары майды салып, зәйтүн майын құйыңыз. Көкөністерді табаға салып қуырамыз.
  3. Көкөністер жұмсақ болғанша баяу отта бұқтырыңыз (шамамен 10 минут).
  4. Бауырды жуып немесе тұзды салып қойыңыз. Кейіннен орташа көлемде тураңыз.
  5. Бауырды бұқтырылған көкөністерге қосып, дәміне қарай тұз, бұрыш салып, бәрін толығымен дайын болғанша (10-15 минут) бірге бұқтырамыз.
  6. Содан кейін келесі қоспаларды саламыз: ұн, кептірілген аскөк және сарымсақ.
  7. Барлығын араластырып, тағы 5 минут бұқтырамыз. Табаға су құйып, қаймақ қосыңыз.
  8. Отты өшіріп, қаныққан дәмді алу үшін 10-15 минутқа қалдырыңыз.
  9. Қаймақ, сәбіз және пияз қосылған бұқтырылған бауыр дайын!

Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


"Шайн мускат" жүзімі мен йогурттан ерекше СМУЗИ