Әлеуметтік желі арқылы ақша жинайтындар қатаң бақылауға алынады

0
150

Тиісті заң жобасы ашық талқылауға шығарылды.


Әлеуметтік желі арқылы ақша жинайтындар қатаң бақылауға алынады

Фото: neighborsfcu.org

ERNUR.KZ. Енді ақша жинау үшін "қайырымдылық еріктісі" мәртебесін алу міндетті, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі әзірлеген заң жобасы инстаграм, тикток арқылы ақша жинау тәртібін қатаңдатуды көздейді.

Көмекке деп жұрттан жылу жинағандардан, қаражаттың қайда және қалай жұмсалғаны жөнінде есеп сұралады.

– Мұндай қаражат арнайы сайт арқылы ғана жиналуы керек. Басқа жолдармен ақша жинауға болмайды. Қазір кейбір адамдар мұны табыс көзіне айналдырып, аянышты видеолар немесе ЖИ көмегімен жасалған роликтер жариялап жүр. Сондықтан мен өзім де қаражатты кімге және қалай аударып жатқанымды тексеремін. Ақшаның заңды тұлғаның шотына ма, әлде жеке адамның картасына ма түсетінін анықтаймын. Әрине, бұл жерде сұрақ көп. Карта кімнің атына тіркелген? Ақша кімнің шотына түсіп жатыр? Жиналған және жұмсалған әрбір қаражат бойынша есеп берілуі керек, – деп санайды заңгер Арыс Данағатов.

Бұдан былай бірыңғай цифрлық ресурсқа жылу жинау туралы мәлімет орналастыру шарт. Егер қаражат басқа біреу үшін жиналса, сол адамның рұқсатын растайтын құжат талап етілуі мүмкін.

Жиналған ақшаны мақсатсыз пайдаланған жағдайда, әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.