Саңырауқұлақ қосылған ерекше тағам!
Қажетті қоспалар:
- 400 гр. саңырауқұлақ
- 1 дана пияз
- 200 гр. қаймақ
- 50 гр. қатты ірімшік
- 1 ас қасық ұн
- 2 ас қасық өсімдік майы
- Аскөк, тұз, бұрыш
Дайындалу тәсілі:
- Ең алдымен пияздың қабығын аршып, майдалап турайсыз.
- Саңырауқұлақты жуып, кептіріп алсаңыз болады.
- Саңырауқұлақтарды төртке бөліп, ірімшікті үккіштен өткізу керек. Ірімшіктің жақсы сортын таңдап алу керек. Сонда тағам да дәмді шығады.
- Табаға май құйып қыздырып, пиязды салып қуыру керек. Сарғайып қуырылғанша отта ұстап, оған саңырауқұлақты қосыңыз.
- 5 минуттай саңырауқұлақтарды қуырып, артынан тұз, бұрыш қосыңыз. Тұз қосқан соң саңырауқұлақтың суы шығып, кейіннен қуырыла бастайды.
- Қуырылып жатқан саңырауқұлаққа ұн қосып, біркелкі араластыру керек. Егер жульен қоюлау болса, су қосып жіберіңіз.
- Табаға енді үккіштен өткізілген ірімшікті салып, табаның қақпағын жауып, ары қарай пісіріңіз. Ірімшік балқыған кезде тағам да дайын болды деуге болады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: