Өте дәмді ШАУРМАНЫ үйде де дайындай аласыз

0
4 109

Шаурманы әсіресе жастар жағы көп жейді.


Өте дәмді ШАУРМАНЫ үйде де дайындай аласыз

Үйде шаурма жасап көрдіңіз бе? Егер көшеде сатылатын шаурмаға көңіліңіз толмаса, өз қолыңызбен үйде дайындап беріңіз. Шаурманың өте дәмді болып шығатын мәзірін ұсынамыз.


Қажетті қоспалар:

Салмасына:

  • 1 дана пияз
  • 2 ас қасық алма сірке суы
  • 1 шай қасық теңіз тұзы
  • 200 гр. тауық еті
  • Етті маринадтау үшін:
  • Майоран дәмдеуіші
  • 2 ас қасық соя соусы
  • Тауық етіне арналған 1 шай қасық дәмдеуіш
  • 3-4 лаваш
  • 2 ас қасық майонез
  • 3 ас қасық қаймақ
  • Қызанақ пен қияр
  • Ірімшік қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен пиязды майдалап турап, маринадтап қоямыз. Туралған пиязға теңіз тұзы мен сірке суын құйып араластырамыз.
  2. Содан соң етті маринадтаймыз. Ол үшін етке дәмдеуіштер мен соя соусын қосып, араластырып, 30 минутқа қалдырамыз. Уақыт болып жатса 1 сағат маринадтаған да дұрыс.
  3. Етті майға қуырып, майдалап тураймыз. Қызанақ пен қиярды да текшелеп турап, ірімшікті үккіштен өткізу керек.
  4. Тұздыққа қаймақ пен майонезді араластырсаңыз болғаны. Қара бұрыш қосуға да болады.
  5. Енді шаурмаға салмасын салып орау ғана қалды. Лавашты жайып, тұздықты жағамыз да, алдымен етті саламыз. Содан соң қызанақ пен қиярды, маринадталған пиязды, ірімшікті салып, бетіне тағы бір қабат тұздық жағамыз. Лавашты орап, 1-2 минут қызып тұрған табаға салып екі бетін де қуырамыз. Шаурмамыз дайын болды. Ас болсын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Ет жоқ кезде дайындалатын өте дәмді МАНТЫ


"Наполеоннан" 2 есе дәмді ТОРТ